2018 жылдың 27 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі Галина Надеинаның «Шығармашылық шаттығы» атты дербес көрмесі ашылды.Көрмеге кескіндеме, графика, батик жанрларындағы 40-тан астам картиналар қойылды.
Г. Надеина 2012 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнерде батик, ағаш және металда көркемсурет салу сынды түрлі жанр мен техникада жұмыс жасайды.
Суретші және педагог Галина Надеинаның шығармашылғындағы негіз ерекшелік - суретшінің нәзік талғамы, композициялық шешім мен өзіндік идеяларды бейнелеудің жаңа түріне деген ізденіс. Оның «Шығармашылық шаттығы» атты көрмеге ұсынған туындыларының басым бөлігі батикте орындалған композициялар: «...мұнда қып-қызыл гүлдер түрленіп, көбелектер ұшып-қонып, құстар сайрағандай әсер береді...»,- деп оның өнерін бағалайтындар өз әсерлерімен бөлісті.
«Шығармашылық шаттығы» атты көрме бір ай бойы жұмыс істейді.