2018 жылдың 26 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі нашақорлық және есірткі саудасына қарсы Халықаралық күрес күніне арнап Қостанай қаласындағы орталық демалыс паркінде және мұражай холлында «Есірткісіз әлем» ақпараттық-насихат акциясын өткізді.
Музей қызметкерлері акцияның қатысушыларына есірткінің зияны, нашақұмарлардың тағдыры, зиянды әдеттерді жеңу мүмкіндігі туралы ақпараттық бүктемдер мен үнпарақтар таратты. Музейдің экспозициялық залында келушілерге есірткі мен анашаның қаншалықты зиянды екені жөнінде «Сыр ашу», «Реквием», «Өлімге апаратын еліту» бейнефильмдері көрсетілді