Халықаралық музейлер күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор жиынтығынан «Қобдишалар мен сандықтар әлемінде» атты көрме ашылды.
Ең қызықты жәдігерлер қатарында белгілі қолөнер суретші Леонид Александрович Игошиннің зергерлік техникада жасалған «Жайлаудағы таң» сәндік металл қобдишасы бар.
Сондай-ақ XVIII ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына жататын әлем елдерінің бірегей көне заттары ерекше қызығушылық тудырады. Әжесіне тиесілі болған әшекейлерге арналған сирек кездесетін қобдишаны қостанай қаласының тұрғыны П.В. Калашникова, 1900 жылы Парижде жасалған бас киімдерге арналған әсем қобдишаны музейге В.А. Панневич сыйға тартты. Металл тойтармалармен әшекейленген, үлкен ағаш қара сандық ХІХ ғасырдың ортасында Жапонияда жасалған. Оны музейге Қостанай қаласының тұрғыны Л.М. Захарова сыйға тартты, сандық енесі Ефросинья Яковлевнаға тиесілі болған. Әкесі Яков Тонкихтің қызына жасау ретінде сыйға берген сандығы иесімен бірге біраз жерлерде болды. Тонких-Захаровтар отбасы эмигранттар 1941 жылға дейін Жапонияда тұрып, кейін Қытайға қоныс аударып, 1954 жылы Қазақстанға оралған.
ХІХ ғасырдың аяғында Англияда жасалған ішкі жағында құпия құлпымен ақша сақтауға арналған сандық Қытайдың Харбин қаласынан қоныс аударған Третьяковтарға тиесілі болған. Оның иесі Владимир Самуилович Третьяков суретті ашықхаттарды жинауға (филокартия жиюшы) әуестенген, қытай тіліне жетік және қытай тілінің мұғалімі болған. Сандықты музейге оның баласы М.В. Третьяков сыйға тартты.