2015 жылдың 29 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Халық жауы атанды» атты кеш өтті. Кешке соғысқа дейінгі кезеңдегі Қостанай мешітінің имамы, жазаланған Қадыровтың немересі Р.А. Сафиулин және Қостанай облысы Мемлекеттік мұрағатының бас қор сақтаушысы М.А. Алексеенко шақырылды.
Кешке автомобиль-көлік колледжі мен экономикалық колледж студенттері қатысты. Кеш барысында мұражай холында мұражай қорынан «Іс №...» атты уақытша фото-құжаттық көрме қойылып, 1930-1950 ж. КСРО-дағы және Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін туралы облыстық мұражай қорынан материалдар мен мұрағат мәліметтері бойынша компьютерлік тұсаукесер көрсетілді.