Халықаралық мұражайлар күніне орай 2015 жылдың 15 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында кешкі сағат 20.00-ден 24.00-ге дейін «Мұражай түні» акциясы өтті.
Мұражай түнінде суретшілердің, қолданбалы өнер шеберлерінің шеберлік кластары, сәндік бұйымдар мен әшекейлердің жәрмеңкесі; боди арт, аквагрим, мехенди; шыныға құммен сурет салу сияқты сан алуан іс-шаралар өтті.
Мереке қонақтары Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы тарихына қатысты викторинаға ықыласпен қатысты. «Альбатрос» әскери-патриоттық клубының мүшелері Калашников автоматын жинап-құрастыру, әскери жасырыну бойынша шеберлік класын көрсетті. Келушілер өздерінің мергендіктерін мұражай ауласындағы тирде сынады.
Тарихқа қызығушылық танытқандар «Уақыт калейдоскопы: жоғалған заттар мен орындары туралы» және «Жедел. Құпия. Губком» атты интерактивті жобаларға қатысты. Мұражай ауласында орта ғасырлық әуенмен тарихи семсерлесу Клубының ұйымдастырған рыцарлық турнирін көруге мүмкіндік болды.
ХІХ ғасырдың қала тұрғындарымен бірге серуендесе, көрші залда 5D форматында «виртуальды шындыққа» енді.
Мереке қатысушыларын «Аңшылар мен браконьерлер» және «Аңды белгілерімен анықта» экобағдарламалары, түнгі кафетерийден шай ішу, алау басындағы бард әндер мен ретро-дискотека күтті.
Алғаш рет мұражай түні өз шеңберін кеңейтті. Мұражайдың Алтынсарин көшесіндегі (картина галереясы) көрме залдарында акция қатысушыларын суретшілердің шығармашылық шеберханасы, ЧелМУ студенттерінің сән театры, әскери атрибутикамен фотоателье, балалардың кітап оқу залы асыға күтті.