Жаз айының бірінші жұлдызында өткізілетін балаларды қорғау күні – ежелгі халықаралық мерекелердің бірі болып табылады, оны 1950 жылдан бастап дүниежүзінде барлық елдері ерекше атап өткізеді. Бұл мерекені өткізу туралы шешім 1949 жылы қарашада Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Бұл бастамаға БҰҰ қолдау көрсете отырып балалардың денсаулығы мен өмірін, құқықтарын қорғау туралы өз қызметтерінің басымды бағыттарының бірі ретінде жариялаған еді.
2 маусым Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Алтын кілт» атты интерактивті квест-ойындарын өткізілді. Балалар ойындардың барысында мұражай жәдігерлерімен танысты, жұмбақтардың шешімін тауып, мультфильм кейіпкерлерін еске түсірді, «Мерген атқыш», «Батпақтан өту», «Шебер балықшы» ойындарына қатысты. Бұдан басқа, барлық қатысушылар тас жолға сурет салу байқауында өздерінің дарындылықтарын көрсетті.
Мұражайдың холлында қатысушылар тарапына мультфильм көрсетілді.