Қазақстан - 150-ден астам ұлт пен ұлыстар тату-тәтті тұрып жатқан көп ұлтты ел. Осы халықтардың ынтымақтастығы үшін ел үкіметі түрлі іс-шаралар өткізеді, соның бірі - 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу болып табылады.
Осы мейрам қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты мұржайлық мейрам өткізді және оған Қазақстан Халықтары ассамблеясының Қостанай облыстық филиалының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Іс-шара барысында мұражай қызметкерлері айтулы мерекенің шығу тарихын, бейбіт өмір үшін еліміздегі татулық пен келісімнің маңызы туралы әңгімеледі. «Дуслык» татар-башқұртиэтномәдени бірлестіктерінің, Қазақстан кәрістері қауымдастығы Филиалының өкілдері іс-шараға қатысушы қонақтарды өз ұлттарының салт-дәстүрлерімен таныстырды.
Іс-шара барысында мультимедиялық тұсаукесер көрсетілді.