«Ұлы ерлік жылнамасы» атты көрменің ашылуы туралы жаңалық

24.04.2015
«Ұлы  ерлік  жылнамасы» атты көрменің ашылуы туралы  жаңалық

Қостанай облыстық тарихи – өлкетану мұражайында Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы ерлік жылнамасы» атты көрменің ашылуы болды.

Мұражайдың қор жиынтығының 13 кескіндемелік туындысынан тұратын «Ұлы ерлік жылнамасы» көрмесі - майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне, жарқын бейбітшіліктің болашағын сақтаған барлық адамдардың ерлігі мен табандылығына көрсетілген құрмет.

Көрмеде А.А. Лазыкинның, Ж.А. Мұратованың, В.Бухнердің, С.Антоновтың және тағы басқа авторлардың кескіндеме суреттері көрсетілген.

И.Большанин мен В.Морозов сомдаған екі мәрте Кеңес Одағының Батыры И.Павловтың, Кеңес Одағының Батыры В.С.Афанасьевтің мүсіндік портреттері көрмеге шығарылған. Көрме залында А.Д. Щепотьевтің Жеңіс Паркіне арналған макеттер ұсынылған болатын.

Көрмеге қойылған соғыстан кейінгі бейбіт өмірді бейнелеген көркемсурет туындыларында Ұлы Отан соғысы әр қырынан ашылады - жауынгерлердің ауыр еңбегі, жақындарын жоғалтқан жандардың күйініші, майдан мен тылдың күнделікті дағдылы жұмыс күндері, жеңістің өлшеусіз қуанышы.

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін64   Кеше171   Бір аптаның ішінде64   Айында3905   Барлығы284271  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі