Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Соғыс жылдарының естелiгi» Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлерiмен болатын кездесудің өткізілгендігі туралы Жаңалық

05.05.2015
«Соғыс жылдарының естелiгi» Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлерiмен болатын кездесудің өткізілгендігі туралы Жаңалық

1945 жылғы 9 мамырдағы Жеңіс салютінен бері 70 жыл өтті. Жерден қазылған бекіністер тегістеліп, отқа оранған қалалардың өрт орны жойылды, жаңа ұрпақ ер жетті. Бірақ адамзаттың есінде 1941 жылдың 22 маусымы қатерлі күн болып қана қалған жоқ, көп ұлтты кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы ұзаққа созылған 1418 күн мен түн есебінің басталуы еді.

Қостанай облысынан 1941-1945 жылдары майданға 73 мыңнан астам адам алынды, 1945 жылдың 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне жету бақыты барлығына бұйырмады. 43 мыңнан астам қостанайлықтар туған жерге оралмады - майдан даласында қаза тапты, хабарсыз кетті, жараланып госпитальдарда, концлагерлерде қайтыс болды. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен адамдар мен қаза тапқандардың есімдері әрқашан да Отанымыздың тарихының алтын беттерінен орын алады.

Ұлы Жеңіс қарсаңында, 2015 жылдың 5 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында алапат соғыста бар ауыртпалықты көтеріп, қуаныш пен сәттілікке, жоғалту мен қасіретке толы өмір жолдарынан өткен Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді.

Оқушылар мен студенттер сұрапыл соғысқа қатысқан ардагерлермен кездесіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алды.