Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Музейге отбасымен саяхат» Ұлттық отбасы күніне арналған акция

10.09.2018
«Музейге отбасымен саяхат» Ұлттық отбасы күніне арналған акция

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Ұлттық отбасы күніне «Музейге отбасымен саяхат» атты акция ұйымдастырлы.

Осы ерекше демалыс күнінде музейге келушілерге арналған бағдарламада «Отбасы шежіресі», «Отбасы елтаңбасы» сияқты байқаулар болды. Акцияға қатысушылар туыстық қатынастар тақырыбында кроссвордтар мен жұмбақтар шешті, караокеге қосылып сүйікті әндерін орындады. Сондай-ақ музей қызметкерлері қағаздан оригами бойынша шеберлік сағаттарын өткізіп, балалар ата-аналарының көмегімен жасаған қағаз тырналарға армандарын жазып «Тілек ағашына» ілді. Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға естелік медальондар берілді.