2018 жылы 11 қыркүйекте Астана қаласының Жас Суретшілер одағының мүшесі, Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі Гүлдана Жұрқабаеваның «Альтернатива» атты дербес көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде автордың 20 кескіндемелік туындысы ұсынылды.
Гүлдана Жұрқабаева Қостанай облысы Торғай кентінде дүниеге келген. 2003 жылы Қостанай гуманитарлық «Зерде» институтын тәмәмдаған. Гүлдана былғары және аң терісіне табиғи тастарды, майда моншақ, бамбук және иленген теріні пайдалана отырып акрил бояуларымен жазатын суретші-қолөнерші ретінде танымал.
Гүлдана Жұрқабаева республикалық, облыстық және қалалық көрмелер мен байқаулардың белсенді қатысушысы. 2009 жылы ол Қостанай Меценаттар Клубының «Шабыт» сыйлығының лауреаты. 2011 жылы Гүлдана Астанада өткен Халықаралық шығармашылық «Шабыт» фестивалінің қатысушысы. 2016 жылы Италияда өткен «Танысу» Халықаралық конкурс-фестивалінде ІІ дәрежелі Лауреат, ал Сан Марино Республикасында өткен Халықаралық өнер конкур-фестивалінде І дәрежелі Лаурат атағына ие болды. Суретші Гүлдана Жұрқабаева Еуразиялық Дизайнерлер одағының «Дизанерлер одағының шығармашыл үздігі» медалімен марапатталды.
Қазіргі таңда Г.Жұрқабаева Астана қ. «Тұран» колледжінде сәндік-қолданбалы өнер мен дизайн интерьерден дәріс береді.
«Альтернатива» атты көрме бір ай бойы жұмыс істейді.