Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ақын, публицист, педагог және қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың туған күніне байланысты ағымдағы жылы 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді.
Тілдер мерекесі қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «А.Байтұрсынов – тіл мен әдебиетті зерттеуші ғалым» тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырып, №2 ОМ оқушыларына өткізді. Мектептің жоғары сынып оқушылары ағартушының өмірі мен қызметіне қатысты толық ақпараттар алды.
Апталық шеңберінде «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасында музей қорындағы А.Байтұрсыновтың өміріне қатысты фотоқұжатты материалдар негізінде ақпараттар берілді.