Облыстық музейдің қызметкерлері жұмыс жоспары бойынша Жамбыл облысының музейлерінде ұлттық-мәдени мұра нысандарын, қасиетті және ескерткіш орындарды сақтау және насихаттау мәселелері бойынша тағылымдамадан өтті. Іс-сапар барысында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің экспозициялық және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тәжірибе алмасты, Жамбыл облысының киелі картасына енген «Ежелгі Тараз қалашығы (I-XIX ғғ.)», «Қарахан кесенесі (XII ғ.ғ)», «Айша бибі кесенесі (XI-XII ғғ.)», «Бабаджа Хатун кесенесі (XI-XII ғғ.)», «Тектұрмас кешені (XIVғғ.)», «Ерте ислам дәуірінің мешіті мен керуен-сарайы» және басқа да тарихи орындармен танысты.