Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының «Жас дарындар шоғыры» көрмесінің ашылуы.

18.11.2019
А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының  «Жас дарындар шоғыры» көрмесінің ашылуы.

2019 жылы 15 қарашада «Жас дарындар шоғыры» көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының дипломдық жұмыстары ұсынылған. Көрме экспозициясына бейнелеу өнерінің әр түрлі техникалары мен түрлерінде орындалған 100-ден астам жұмыстар қойылған. Оқушылар өз шығармашылықтарында, кескіндемеде акрил, гуашь, майлы бояуды қолданады. Сәндік-қолданбалы өнерде, бұл - флористика, тоқылмаған суретті кілем, кең таралған жаңа бағыт - кинусайга, витраж, батик, киіз, аралас техника, сәнді өрнек және басқалар. Мүсін мен графика да оқушылардың шығармашылығынан лайықты орын алған.

Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі республикамыздағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі, оның материалдық базасы мен педагогтар құрамы көркемөнер білімінде көш басында болуға жол ашады.

Оқушылардың жұмыстары композициялары және тақырыптары бойынша алуан түрлі. Олар айқын, қызықты, терең шығармашылық ойымен, қиял ұшқырлығымен ерекшеленеді. Туындыларда үлкен махаббат, көп қырлы бала көңілін ашып көрсету қабілеті, мүмкін айтылмаған армандар бейнеленген. Бәлкім, осы жас дарындар шоғыры қазіргі заманғы бейнелеу өнерінде лайықты өз орнын алар.