Сырбай Мәуленов – Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының қайсар рухын жырлап насихаттанғаны үшін ақындар мен жазушыларға берілетін Александр Фадеев атындағы сыйлықтың иегері.
2020 жылдың 9 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Майдангер ақын Сырбай Мәуленов» атты онлайн дәріс оқылды. Дәріс барысында музей қызметкері Н.Қ.Оташева ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Дәріс барысында фотопрезентация көрсетілді. Ақынның соғыс туралы туындыларынан музей қызметкерлері үзінді оқыды.
Толық нұсқаны төмендегі сілтемеден көре аласыз.
https://www.facebook.com/100014426732442/posts/808225653001652?sfns=mo