Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» онлайн дәріс

11.05.2020
«Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» онлайн дәріс

Қостанай жерінен майданға 73 мыңнан астам адам аттанды. Оның 36 мыңнан астамы қаза тауып, госпитальдарда жарақаттарынан көз жұмды, із-түссіз кеткендері де бар. Жыл сайын Жеңіс саябағындағы қаза тапқандар мемориалына келетін соғыс және тыл ардагерлерінің қатары сиреп келеді, олардың ерліктері жайындағы естелік мәңгілік халық жадында сақталады.

2020 жылдың 5 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде  «Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты онлайн дәріс оқылды. Дәріс барысында музей қызметкері А.Т.Қазыбаева Қостанай облысының Ұлы Отан соғысы жылдарында Жеңіске қосқан үлесі туралы, Отанымызды қорғаған батырлардың тағдыры жайлы мәліметтер берді. Дәріс барысында музей қорынан қостанайлық-жауынгерлердің фотосуреттері, құжаттары, соғыс жылдарының жәдігерлері слайд шоу арқылы таныстырылды.

Дәрістің толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыз

https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/805668816590669?sfns=mo

https://vk.com/wall397862586_814