Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылғы 6-қазанда мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист Ілияс Омаровтың 105 жылдығына арналған «Өмір мен өнер» атты әдеби көркем-кеш өтті.
Іс-шарада халқына еткен қызметімен жұртының жадынан өшпеген Ілияс Омаровтың өмір жолы, қызметі жайлы айтылады. Кеш қонақтары – театр әртістері осы айтулы тұлға мен ақын Мәриям Хәкімжанованың құрметіне арнайы қойылған «Мәриям-Ілияс» спектаклінен көрініс көрсетеді, кітапхана қызметкері І.Омаровтың өлеңдері, хаттары, ғұмырнамасы жазылған басылымдармен таныстырады. Шара барысында Ілияс Омаров туралы «Өмір жолы» атты құжатты фильм көрсетілді.