Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қазақстанның рухани қасиетті орындары» жобасы шеңберіндегі дөңгелек үстел

«Қазақстанның рухани қасиетті орындары» жобасы шеңберіндегі дөңгелек үстел

2017 жылдың 17 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстанның рухани қасиетті орындары» жобасы шеңберінде Қостанай облысының киелі нысандарына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға жергілікті ғалымдар, өлкетанушылар, Қазақстанның киелі жерлері бойынша республикалық этномәдени экспедициясының қатысушылары - тарих ғылымдарының докторы А.М.Досымбаева, ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» Ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары Б.Е.Жұмабаев және орталықтың кіші ғылыми қызметкері Қ.Төлегенұлы қатысты.

Дөңгелек үстелде киелі жерлерді таңдау талқыланды, алдын ала іріктелген тізімге жергілікті өлкетанушылардың ұсынған аңыздары мен ел аузындағы әңгімелері бар жаңа нысандар тізімі қосылды, даулы нысандарға қосымша мәліметтер берілді, сондай-ақ облыстың киелі нысандары картасына енгізілетін ескерткіштерді одан әрі зерттеу қажет тілігі туралы айтылды.