2017 жылдың 27 қазанында картина галереясында «Туған жер-туған ел» жобасы аясында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың VIIІ облыстық «Жас толқын-2017» конкурсына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер номинациясы бойынша өтті. Конкурстың дипломанттары бағалы сыйлықтармен марапатталып, іріктеу кезеңінен өткен барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
«Жас толқын - 2017» конкурсын «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ, «ҚР Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымы» ҚБ ұйымдастырылды.
Конкурстың мақсаты - жарқын және нағыз дарынды жас суретшілерді анықтау, Қостанай бейнелеу өнерінің шығармашылық дәстүрлерін болашақта жалғастыратын, жаңа туындыларды жасауға ынталандырып, кәсіби деңгейін арттыру.
Байқауға Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара және облыс аудандарынан 16 мен 32 жас аралығындағы 30 дан астам жас авторлар кескіндеме, графика, бояу, сурет, мүсін, батик сияқты түрлі техникада орындаған туындыларын ұсынды.
Іс-шара барысында белгілі қостанайлық қылқалам шебері: ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші-график Сергей Луговой және ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші-қолөнерші Светлана Каратаева шеберлік сабағын өткізді.