Ұлттық валюта күні қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде теңгенің шығу тарихына арналған іс-шара өтті. Қостанай медициналық колледжінің студенттері ақша айналымының тарихы туралы пайдалы ақпараттар алды. Тәуелсіз Қазақстанның қағаз ақшалары мен мерейтойлық монеталары қойылған музейдің нумизматикалық жиынтықтар көрмесі жұмыс жасады. Ақша белгілерін қарастыра отырып, балалар еліміздің екпінді әрі қызықты тарихы туралы көп нәрсе білді.