Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Музей-лендтің виртуалды емес шындығы» - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған көркем-ойын жобасы

04.06.2018
«Музей-лендтің виртуалды емес шындығы» - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған көркем-ойын жобасы

Әрбір адамның басты құқығы – өмір сүру құқығы. Әлбетте, балалардың да мұндай құқығы бар. Балаларды қорғау күні – бұл халықаралық үлгідегі ең маңызды мереке, 1950 жылдан бері әлемнің барлық елдерінде атап өтеді. Мейрамды 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының сессиясында ресми түрде бекітті. БҰҰ әйелдердің бастамасын қолдап, 1 маусымды Халықаралық балаларды қорғау күні деп жариялады.

1 маусым күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Музей-лендтің виртуалды емес шындығы» атты көркем-ойын жобасы өтті. Қостанай балалар үйінің тәрбиеленушілері өздері ойдан шығарған ертегі хайуанаттарының суреттерін салып, әсерлі етіп айтып берді.