Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған музей іс-шарасын 2018 жылы 5 маусымда облыстық балалар мен жасөспірімдер пана үйінің тәрбиеленушілеріне өткізді. Мерекеге қатысушылар мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы слайд-бағдарламаны қарап Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметпен және ұқыптылықпен қарау, халқымыздың өткен тарихы мен дәстүрлеріне қызығушылықтарының, Отанына деген мақтаныш сезімдерінің артқанын сезінді.
Балалар Отанына деген сүйіспеншіліктері мен патриоттық сезімдерін нығайту үшін кластер құрастырып, «патриот» деген ұғымға сипаттама берді. Сондай-ақ «Білімпаздар байқауына» белсенді қатысып, өз білімдерін сынады.