Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл тек көңілді мереке ғана емес, сонымен қатар қоғамнан балалардың өмірі мен құқықтарын қорғау талап етілетін мереке, себебі балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес.
1 маусым күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қонақтарға мерекелік театрландырылған бағдарлама ұсынды. Ертегі кейіпкерлері балаларды музейдің әрбір залында күтті. Музейдегі таңғажайып саяхатқа Қостанай облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысып, ертегі кейіпкерлерімен кездесті. Балалар қызықты байқауларға қатысып, сынақтардан өтіп, өздерінің шығармашылық қырларын да көрсете алды. Іс-шара соңында балалар өз тілектерін жазып қалдырды және барлық қатысушылар тәтті сыйлықтар алып, ерекше көңіл-күймен тарады.