2018 жылдың 5-8 мамыры аралығында Қостанай суретшілері С.И. Шалунова, Ю.Д. Новоселов, А.В. Захарченков, С.В. Оленников, Н.С. Олексюк, А.А. Кабановская, А.В. Ягудина, И.И.Мармалидидің қатысуымен «Пленэр-2018» жобасы өтті. Жобаға қатысуға танымал өнертанушы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Мәрия Жұмағұлова шақырылды.
Пленэр Торғай өңіріндегі Амангелді ауданында өтті. Жоба қатысушылары аудан әкімшілігінің өкілдері: аудан әкімінің орынбасары С.Ж.Ғаниев, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы С.З.Сейдин және А.Иманов мемориалдық музейінің директоры С.О.Төленовпен бірлесіп пленэр өткізудің бағытын белгіледі. Суретшілер тарихи ескерткіш болып саналатын Үрпек ауылында болды. Сондай-ақ жобаға қатысушылар «Құмкешу» мекенінің аумағындағы құм төбелердің керемет көрінісін таңырқай тамашалады.