Жыл сайын 18 мамырда әлем елдерінің музей қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі Халықаралық музейлер күнін атап өтеді. 1992 жылдан бері мереке жыл сайын музей жұмысының ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір тақырыппен өткізіліп келеді. 2023 жылғы музейлер күнінің тақырыбы - «Музейлер, тұрақтылық және әл-ауқат».
18 мамыр күні сағат 16.00-ден 24.00-ге дейін қала қонақтары мен тұрғындары «Музей түні - 2023» мәдени-танымдық акциясына белсене қатысып, әдеттен тыс уақытта және үйреншікті емес жағдайда сирек жәдігерлермен танысты. Мерекелік кеште қостанайлықтарға түрлі бағдарламалар ұсынылды: қызықты көрмелер мен шеберлік сабақтары, шығармашылық квестер мен викториналар, музыкалық бағдарламалар және спорттық өнер көріністері және т.б.
Түнгі музей экспозицияларының арасында: «Түннен кейін әрқашан күн шығады!» атты көзді жұмып жүргізілетін экскурсия, Ақмола облыстық әдебиет және өнер музейі қорынан «Бурабай аңыздары» көркемсурет көрмесі, музей қорынан «Қолмен ұста» заттық көрмесі, «Тірі экзотика» шағын экзотариум, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, «Гүлдер көрмесі», «Бал дүкені».
Интерактивті акцияда балалар мен жасөспірімдерге арналған Baby time ойын-сауық бағдарламасы ерекше орын алды. Балалар ойын алаңында облыстық қуыршақ театрының артистері қуыршақтарды басқару және актерлік шеберлік бойынша қызықты шеберлік сабағын өткізді. Зайцев-SHOW балалар лофт клубы «Корольдік квестке» қатысатын балаларға ұмытылмас ерекше әсер сыйлады. Музей түніне қатысушыларға кәсіби сиқыршы ерекше өнерін тарту етті.
Инесса Константинованың «Напоказ» модельдер мектебінің сән көрсетілімі ешкімді бей-жай қалдырмады, сүйкімді қыздар – аккредиттелген модельдер «Екатеринадан кешкі көйлектер» топтамасын ұсынды.
Мерекелік іс-шара барысында «Қостанай таңы» газетінің ақпараттық демеушілігімен, қазақстандық суретші Аңсаған Мұстафа, салауатты өмір салтын қалыптастыру клубы, «ДЭП» ЖШС, қостанайлық суретшілер, қазақ және орыс драма театрлары, Gpand Luxe тіл орталығы, Best KZ туристік агенттігі және т.б. демеушілігімен ұтылыссыз лотереяның ұтыс ойыны өткізілді. Бұл акцияны ұйымдастырушы «ИКОМ» Қазақстан музейлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі. Жүздеген жүлделердің ішінде - бас жүлде - Smart TV, 32 дюйм (81 см.), сондай-ақ басқа да бағалы сыйлықтар, соның ішінде Роза Рымбаева, Валерий Меладзенің Қостанайда өтетін концерттеріне билеттер болды.
Түнгі музей қонақтары «Джун-Ри Таеквондо» студиясы оқушыларының шеберлігін тамашалады. Іс-шара барысында дәстүр бойынша түнгі музейге келушілер үшін «Музей трактирі» жұмыс істеді.
Қала тұрғындары өз қалауларымен Халықаралық музейлер күнін тойлауға орай ұйымдастырылған «Музейге сый тарту» акциясына қатысып, музейдің әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде өз тілектерін білдірді.
одарок музею», приуроченной к празднованию Международного Дня музеев, а также выразили свои пожелания в прямом эфире в социальных сетях музея.