А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының «Бояулар үн қатқанда» көрмесі

23.05.2023
А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының «Бояулар үн қатқанда» көрмесі

2023 жылдың 23 мамырында Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының «Бояулар үн қатқанда» көрмесі ашылды.

Көрмеге 80-нен астам көркемсурет туындылары қойылды. Бұл студенттердің кескіндеме мен графиканың әртүрлі техникасында жасалған дипломдық жұмыстары, сондай-ақ жас дарындардың сәндік-қолданбалы өнер және шағын мүсіндер түріндегі шығармашылық жетістіктері.

А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі 1983 жылы оқушыларға есігін айқара ашты. Биыл мектеп 40 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы жылдар ішінде мектеп қабырғасынан бір емес, бірнеше ұрпақ тәрбиеленіп шықты, олар суретші, дизайнер, мұғалім немесе тарихшы, дәрігер, музыкант, құрылысшы болса да мамандық таңдауда осы оқу орнында алған дағдылары мен білімдері көмектесті.

«Бояулар үн қатқанда» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін247   Кеше265   Бір аптаның ішінде512   Айында6527   Барлығы308790  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі