Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Иван Мармалидидің «Жұмыс барысында» атты дербес фотокөрмесінің ашылуы.

24.04.2018
Иван Мармалидидің «Жұмыс барысында»  атты дербес фотокөрмесінің ашылуы.

2018 жылы 20 сәуірде фотограф Иван Мармалидің «Жұмыс барысында» атты дербес фотокөрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде пейзаж, қалалық пейзаж және портреттік жанрдағы 30-дан астам фотожұмыстар ұсынылды.

Фотокөрменің авторы белгілі әуесқой фотограф Иван Мармалиди-қостанайлық. Фотосуретке ол бала кезінен әуес болды. Ол шығармашылық қызметпен 50 жылдан астам уақыт айналысып келеді. Қазіргі таңда фотограф Иван Мармалиди қалалық және облыстық фотокөрмелердің қатысушысы. Мысалы, ол 2017 жылы Тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды жобаларының бірі - ЭКСПО - 2017 аясында «Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы» атты фотокөрмеге белсенді қатысты.

Көрмеден автордың қара-ақ және түрлі түсті суреттері орын алған. Ол фотосуреттерді өмірді өзінің сезінуі бойынша, өзінің тікелей қабылдауымен түсіреді және қас қағым сәтті бейнелеп нәтижеге қол жеткізеді.

Әуесқой фотограф Иван Мармалидің «Жұмыс барысында» атты дербес фотокөрмесі бір ай бойы жұмыс жасайды.