1 мамыр күні еліміз Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл мереке - 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатқан елдегі бейбіт өмір үшін аса қажет достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық мерекесі.
Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің жерімізде бейбітшілікті сақтауға көп көңіл бөлді, қазіргі таңда Қазақстан көптеген елдер үшін бірлік пен келісімнің үлгісі болды. Республиканың барлық жетістіктерінде бірегей қоғамдық институт - Қазақстан халқы Ассамблеясының елеулі үлесі бар.
Музей қызметкерлері 2018 жылы 25 сәуірде «Бір шаңырақ астында» атты іс-шара өткізді. Музей мерекесіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өңірлік басқармасының офицерлері мен Қостанай автокөлік колледжі студенттері қатысты. Шара барысында музей қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы туралы мәліметтер берді, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері өз ұлттарының мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстырып, ұлттық ән-билерімен мерекенің сәнін ашты.