2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы деп жарияланды. 2018 жылдың 15 наурызында Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылуы елордамыздағы «Астана-Опера» театрында өтті.
Қазақстандағы Өзбекстан жылы екі елдің арасындағы бауырластық, әрі достық қарым-қатынастың айқын көрінісі болып табылады. Қазақстан мен Өзбекстан бұл байланысты тәуелсіздік жылдары сақтап қана қоймай, нығайтып, жаңа деңгейге көтерді.
Музей қызметкерлері 2018 жылы 26 сәуірде Қостанай облысының «Шарк» Тәжік-өзбек ҰМБ бірлескен «Өзбек мәдениетінің алтын бұлағы» атты интерактивті музей мерекесін өткізді, Іс-шара барысында музей қызметкерлері екі елдің ынтымағының маңызы туралы мәліметтер берді, «Қазақстан - Өзбекстан. Үлкен жолдың бастамасы» атты құжатты фильмнен үзінді көрсетілді. Қостанай облысының «Шарк» Тәжік-өзбек ҰМБ төрағасы Эргашвой Холметов қонақтарды Өзбекстан тарихымен, ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстырды. Мереке соңында қонақтар музей қорындағы өзбек халқының тұрмысы мен мәдениетіне қатысты заттардан құрастырылған шағын көрмемен танысты.