Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Әнуар Сәпиевтің «Өмірдің өрнекті суреті» атты дербес көрмесінің ашылуы.

12.04.2018
Әнуар Сәпиевтің  «Өмірдің өрнекті суреті»  атты  дербес көрмесінің ашылуы.

2018 жылдың 12 сәуірінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі, Қостанай Меценаттар клубы сыйлығының лауреаты Әнуар Сәпиевтің «Өмірдің өрнекті суреті» атты мерейтойлық дербес көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде 40-тан астам кескіндеме және графикалық туындылар - пейзаж, этюд композициясы, тарихи тақырыптағы картиналар ұсынылды.

Әнуар Сәпиевтің композицияларында қазақ эпосындағы аты аңызға айналған батырлар, туған жерінің табиғатының ерекше әсемдігі, шынайы сезімге толы әже бейнесі, оның бала күнінде ойында жүрген бейнелер анық көрсетілген.

Әнуар Сәпиев белгілі, талантты сценограф, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында көптеген театрлық қойылымдарды безендіруге қатысады. Ол Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде кескіндеме және суреттен сабақ береді. Республикалық, облыстық және қалалық көрмелердің белсенді қатысушысы.

Ә.Сәпиевтің «Өмірдің өрнекті суреті» атты мерейтойлық дербес көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.