«Әйел-әлемді өзгертеді» атты қызықты адамдармен кездесу

03.03.2016
«Әйел-әлемді өзгертеді» атты қызықты адамдармен кездесу

2016 жылы 3 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел-әлемді өзгертеді» атты кездесу өткізді.

Кездесуге қатысушылардың арасында: іскер әйел және жеті баланың қамқор анасы, «Алтын алқа» белгісінің иегері, Қостанай аудандық маслихатының депутаты, өзі құрған «Қостанай қолданбалы өнер орталығының» жетекшісі, іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Қарлығаш Әлиханқызы Балапанова;

Қостанайлық белгілі суретші, Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі, Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқытушысы Светлана Ивановна Шалунова болды.

Кездесуге келген Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының және Қостанай экономикалық колледжінің студенттері осы тамаша әйелдердің өмір жолы, азаматтық көзқарастары, жеке қалаулары мен қызығушылықтары жайлы көп нәрсе білді.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін210   Кеше234   Бір аптаның ішінде1583   Айында703   Барлығы309861  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі