Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қазақстандағы Алғыс айту күніне орай «Туған жерге және халыққа алғыс» атты мұражайлық мейрам

26.02.2016
Қазақстандағы Алғыс айту күніне орай «Туған жерге және халыққа алғыс» атты мұражайлық мейрам

Қазақстан - 150-ден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті тұрып жатқан көп ұлтты ел. Осы халықтарды біріктіру үшін ел үкіметі түрлі шаралар өткізеді.

Биылғы жылы қазақстандықтар 1 наурызда алғашқы рет - Алғыс айту күнін атап өтеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн - 1 наурызды жыл сайын «барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде» атап өтуді ұсынған еді.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 26 ақпанда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «Туған жерге және халыққа алғыс» атты мұражайлық мейрам өткізілді.

Іс-шара барысында мейрамның шығу тарихы, елімізде бейбітшілікте өмір сүруге қажетті төзімді дүниетаным және келісім туралы сөз болды. Дуслык» татар-башқұрт ЭМБ өкілдері, «Шарк» тәжік-өзбек ЭМБ өкілдері қонақтарға Қазақстан жерінде тұрып жатқан өз халқының тарихы, ұлттық салт-дәстүрлері туралы айтып берді.