Көркем композицияларды әртүрлі тәсілмен жасау бойынша шеберлік сағаттар музей дәстүрі болуына айналды.
Көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері конфет пен гофрленген қағаз пайдаланып кәдесый гүлшоқтарын жасау бойынша шеберлік сағатын өткізді. Іс-шараға қатысқан Қостанай қаласының №8 ОМ оқушылары Наурызды мерекелеу дәстүрлері туралы көп мағлұматтар алып, қазақтың ұлттық ойындарын да қызығушылықпен ойнады.