Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Кілемдер шерткен сыр» атты этнографиялық-танымдық жоба

15.03.2018
«Кілемдер шерткен сыр»  атты этнографиялық-танымдық жоба

2018 жылы 15 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ҚМПИ және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ң студенттеріне ғасырлар бойы сақталған қазақ халқының көне дәстүрін жаңғырту мақсатында кілем тоқу мерекесін өткізді.

Іс-шара барысында музей қорындағы ХІХ-ХХ ғасырларда қолдан тоқылған кілемдер көрмесі қойылды. Музей қызметкерлері мен қостанайлық кілемші шеберлер көрермендерге кілем тоқу станогында тықыр кілем тоқудың ежелгі тәсілдерін көрсетті. Сондай-ақ жүннен кілем тоқуға қажетті жіпті дайындау тәсілдері түсіндіріліп, қой жүнін үлпілдетіп тарауға арналған «жүн тарақ», жіп иіруге арналған ұршық т.б. кілем тоқуға қажетті жабдықтар таныстырылды.

Кілем тоқумен байланысты наным-сенімдер туралы, ою-өрнектердің маңызы туралы мәліметтер беріліп, «Ақ Дариға» халық хорының әжелерімен бірге кездейсоқ келіп қалған әйелге жүн беру, жүннің арасына түйілген мата салу сияқты көріністер және «Тулақ шашу» салты көрсетілді.

Іс-шараның соңында кілемшілер шеберлік сағатын өткізді.