2018 жылдың 28 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қостанай облысында осы жоғары атаққа ие болған төрт жерлесіміздің бірі, танымал қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Б.П.Князевке арналған іс-шара өтті.
«Алтынсарин» ЖШС директоры, облыстық маслихаттың депутаты Борис Павлович Князев 30 жылдан астам уақыт бойы ауыл-шаруашылық саласында жұмыс істеп, тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Қазіргі таңда ол басқарып отырған «Алтынсарин» ЖШС Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы шаруашылықтарының бірі.
Іс-шараға өкінішке орай Б.П. Князев қатыса алмады. Музей қызметкерлері Б.П.Князевтің еңбек жолы, жеткен жетістіктері жайында деректер берді. Іс-шара барысында Б.П.Князев туралы деректі фильмдерден үзінді көрсетілді.