Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының міндеттерін, сонымен қатар «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде
19 наурызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлері Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде музей қызметкерлерін орталықтандырылған мобильді азаматтар базасына тіркеуді жүзеге асырды, электронды үкімет порталындағы жұмыс үшін электронды-цифрлы кілттерді табыстады және қажетті мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндірді.
10 мамырда музей қызметкерлері И.В. Тыщенко мен Д.Ж. Бәйменова «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай филиалы Қостанай облысы мәдениет басқармасында өткізген семинарға қатысты. Семинарда «ҚР электронды үкіметінің» веб-порталының жұмысы туралы, үшінші тұлғаның анықтама алу сервисі туралы түсіндірілді.
23 мамырда музейде Egov.kz сайтынан мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша семинар жүргізілді, бейне нұсқау көрсетілді, соның ішінде «Үшінші тұлғалардың анықтама алу сервисінің» көмегімен электронды анықтама алу нұсқаулығы да көрсетілді.