Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының этнографиялық экспедициясы туралы

02.08.2018
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының этнографиялық экспедициясы туралы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу этнографиялық экспедициясының қатысушылары Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне келді. ҒЗИ дәстүрлі мәдениет бөлімінің қызметкерлері А. Мұсағажинова, А. Сауытбекова, И. Бекзатқызы Қостанай қаласына сәндік-қолданбалы өнер, қазақ халқының ұлттық киімі мен ұлттық тағамы, Қостанай облысының ономастикасы бойынша материалдар жинау және зерттеу мақсатында келген.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері әріптестерге көмек көрсетіп, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

«Халық қазынасы» ҒЗИ этнографиялық экспедициясы 3 жылға жоспарланған және этнографиялық экспедиция жұмысының қорытындысы бойынша өңірдегі қазақ халқының материалдық емес мәдени мұраларының тізімі жасалады, мәліметтер базасы құрылып, жаңа деректерді ғылыми айналымға енгізеді.