Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Еңбек қуанышы мен өмір бақыты» Еңбек күніне орай түрлі салада кәсіби биікке қол жеткізген жандармен кездесу кеші

27.09.2017
«Еңбек қуанышы мен өмір бақыты» Еңбек күніне орай түрлі салада кәсіби биікке қол жеткізген жандармен кездесу кеші

Қостанай облыстық тарихи өлкетану музейінде 2017 жылдың 27 қыркүйегінде дәстүрлі «Еңбек қуанышы мен өмір бақыты» атты түрлі салада кәсіби биікке қол жеткізген жандармен кездесу кеші өтті. Кешке «Қостанай облысы жастарының Алтын кітабының» лауреаты, «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер Клубының Президенті Зарина Көкжанова, журналист, тележүргізуші, Қостанай облысының Меценаттар клубы сыйлығының иегері Бауыржан Бөгенбай және жеңіл арбада спорттық биден екі дүркін Азия чемпионы, «Қостанай облысы жастарының алтын кітабының» лауреаты Малика Мұхтарова шақырылып, №2 орта мектептің 10 сынып оқушыларына өз жетістіктерімен бөлісті, оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, мамандық таңдау жөнінен кеңес берді.