Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Суретші Светлана Лойконың «Жан шуағы» атты дербес көрмесінің ашылуы

15.09.2017
Суретші Светлана Лойконың «Жан шуағы» атты  дербес көрмесінің ашылуы

2017 жылдың 15 қыркүйегінде рудныйлық суретші Светлана Лойконың «Жан шуағы» атты дербес көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Көрмеде 40 шығармашылық жұмыстары - портреттер, пейзаждар, натюрморттар ұсынылды.

Суретші Рудный қ. тумасы, балалар көркемсурет мектебін аяқтаған.

Оның шығармашылық өмірі 2004 жылы Магнитогорск педагогикалық университетін тамамдағаннан кейін басталады.

Суретші Светлана Лойко облыстық және қалалық көрмелердің қатысушысы, оның есімі қостанайлықтарға таныс. Ол жан-жақты дамыған тұлға – портретші, бет әрлеуші, фотосуретші, жиһаз дизайнері.

С. Лойканың ойынша, шығармашылық пен жан дүниені ажыратуға болмайды, ол барлық жарық және қуанарлық сәттерді жазуды ұнатады. Жас суретші көрерменге сәл де болса жан шуағын, қуанышын, үмітін және арманын сыйлау үшін сурет салады.

Светлана Лойконың «Жан шуағы» атты дербес көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.