2017 жылдың 29 қыркүйегінде Олег Кусковтың 55 жасқа толуына орай «Мәңгілік туралы толғану...» атты көрмесінің ашылуы болды.
Дербес көрме - бұл көп жылдық шығармашылық еңбектің, ізденістің нәтижесі.
Туынды тақырыптары Михаил Булгаковтың «Мастер и Маргарита», Карлос Кастанеденің «Учения Дона Хуана» сияқты танымал романдарының желісінде салынған.
Сондай-ақ, көрермен назарына суретшінің діни-философиялық көзқарасына жататын «Жеті үлкен күнә», «Қарама-қарсы келу», «Ежелден бергі дау» туындылары ұсынылды.
Көрмеге 22 кескіндеме туындылары қойылды. Авторды көрменің ашылуымен ҚР Суретшілер одағының мүшелері Георгий Соков, Вадим Быков, Светлана Шалунова, сонымен бірге мәдениет ардагері, көркемсурет салонының жетекшісі Лидия Маслюк құттықтады.