Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Дуадақ - Қазақстандағы 2019 жылғы жыл құсы» - көрме.

21.02.2019
«Дуадақ - Қазақстандағы 2019 жылғы жыл құсы» - көрме.

2019 жылдың 20 ақпанында «Қостанай облысы табиғатының байлығы» залында «Дуадақ - Қазақстандағы 2019 жылғы жыл құсы» атты көрме өз жұмысын бастады.

Қазақстанның биотүрлілікті сақтау ассоциациясы (ҚБСА) Қазақстан құстарын қорғау Одағымен бірге 2019 жылдың жыл құсы ретінде дуадақты таңдады.

Бұрын Қазақстанда дуадақ көп болған. Дуадақты дала символы деп білген және түрі көпболғандықтан аулау нысаны болған. XX ғасырдың ортасынан бастап, негізінен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде, сондай-ақ браконьерлікке байланысты құстардың саны азайып кетті. Дуадақ барлық елдерде қорғауға алынған. Халықаралық Қызыл кітабындаVU- «әлсіз түр»мәртебесіне ие, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Көрме жыл бойы жұмыс істейді.

Галерея изображений