Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы «Атқа міну мәдениетіне» қатысты ойлары бүгін де халықтың көнілінен шығып отыр. Ұлы дала төсін дүбірлеткен атқа міну мәдениетін насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейі бастаған челленджге еліміздің барлық музейлері үн қосуда. Арқа төрінен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің жолдауын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері қабылдап алып, эстафетаны Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне жолдады. Ұлы Дала өркениеті – атқа міну дәстүрі өз жалғасын таба бермек.