Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Ауған жерінде қаза болған жауынгерлердің аналары музейдің «Ауғанстанның ащы естелігі» көрмесімен танысты

15.02.2019
Ауған жерінде қаза болған жауынгерлердің  аналары музейдің  «Ауғанстанның ащы естелігі»  көрмесімен танысты

15 ақпанда Ауғанстандағы интернационалист-жауынгерлерді еске алу күнінде ауған соғысының ардагерлері мен қайтыс болған жауынгерлердің аналары Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды. Экспозицияның көрме залында музей қызметкерлері қонақтарды кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған «Ауғанстанның ащы естелігі» атты көрмемен таныстырды. Әскери борышын өтеп жүріп ауған жеріндегі ұрыстарда қаза болған жауынгерлер С.Қ. Бораншин, И.Д. Шило және М.А.Галиевтің аналары олардың фотосуреттерін, хаттарын, оқиғаға қатысушылар мен куәгерлердің куәліктерін, жеке заттарын көріп, соғыс ардагерлерімен жүздесіп, әңгімелесті. Мұндай кездесулер – өмірлік тонусты толықтыру үшін қажет, әсіресе аналар мен жесірлер үшін үлкен қолдау.