Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Бақ береке бастауы - әз Наурыз» - фольклорлық-этнографиялық мейрам

25.03.2021
«Бақ береке бастауы - әз Наурыз»  -  фольклорлық-этнографиялық мейрам
22 наурыз – "Ұлыстың ұлы күні". Осы мереке күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі өз келушілерін этнографиялық жиынтықтардың қызықты көрмелерімен қарсы алды. Тұрғындар шығармашылық атмосфераға түсіп, қазақ халқының ұлттық мәдениетінің сәндік-қолданбалы өнер әлемімен танысты. Күні бойы кез-келген адам өзін кілем тоқу, кесте тігу , шашақ бау мен арқан өру және тоқудың ежелгі түрлерінің бірі ши тоқыма бойынша сынап көре алды. Балалар мен жасөспірімдер қалаулары бойынша дәстүрлі ұлттық «Асық ату» ойынына қатыса алды. Музей қызметкерлері келушілерге дәмді бауырсақтар мен наурыз көжеден дәм татқызды және “Наурыз” мерекесін тойлауға байланысты ашық хаттар, бетбелгілер, танымдық ақпараттары бар бүктемдерді сыйға тартты. https://www.facebook.com/100014426732442/videos/pcb.1032909297199952/1032902207200661 https://www.facebook.com/100014426732442/videos/pcb.1032909297199952/1032904257200456 https://www.facebook.com/100014426732442/videos/pcb.1032909297199952/1032906367200245 https://www.instagram.com/p/CMt4sPxgkYY/?utm_source=ig_web_copy_link https://vk.com/video397862586_456239332 https://vk.com/video397862586_456239335 https://vk.com/video397862586_456239336