Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Шебер Райхан Рахалиеваның ерекше көрпесі» бір жәдігердің онлайн көрмесі

25.03.2021
«Шебер Райхан Рахалиеваның ерекше көрпесі» бір жәдігердің онлайн көрмесі

Қостанай қаласының тұрғыны, халық шебері Райхан Рахалиева Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына айрықша тарту жасады.

Ұлыстың Ұлы күні 2021 жылдың 21 наурызына ұзындығы 21 метр көрпе әзірледі.  21 саны - үш жетіден тұратын нышандық белгі.

 Қазақ халқында 7 саны қасиетті - 7 ата, 7 қазына, 7 ғалам, 7 қат жер, 7 амал, 7 күн.  Наурыз көже 7 дәмнен тұрады.

Р. Рахалиеваның қолынан шыққан, көздің жауын алатын көрпеге қошқар мүйіз оюы салынып, қызыл және жасыл түсті масаты матамен өз үйлесімін тапқан.

Он саусағынан өнер тамған шебер болашақта Гиннестің рекордтар кітабынан орын алуды жоспарлап отыр.

Көрме 21-сәуірге дейін жұмыс істейді

https://www.instagram.com/tv/CMqvILnAm-r/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/1032193403938208

https://vk.com/video397862586_456239324