Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қазақтың салт-дәстүрлері: өткені мен бүгіні» топтамасынан «Ас - адамның арқауы» атты этнографиялық интерактивті жоба

06.11.2019
«Қазақтың салт-дәстүрлері: өткені мен бүгіні» топтамасынан «Ас - адамның арқауы» атты этнографиялық интерактивті жоба

2019 жылы 6 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақтың салт-дәстүрлері: өткені мен бүгіні» топтамасынан «Ас - адамның арқауы» атты этнографиялық интерактивті жоба жүзеге асырылды.

Іс-шара барысында қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі, құндылығы туралы мәлімет беріліп, ұлттық тағамдардың жасалу жолдары туралы, соның ішінде сүт тағамдары туралы айтылды.

Іс-шараға ақ жаулықты аналарымыз қатысып, ұлттық тағамдарды дайындаудағы тәжірибелерімен бөлісті. Соның ішінде балқаймақ дайындау және қаймақтан сары май алу, айран ұйыту және т.б. ұлттық тағамдар дайындау жолдары көрсетілді. 

Іс-шара барысында музейдің қор жиынтығындағы тұрмыстық жәдігерлерден (торсық, ожау, тостаған, сары май сақтауға арналған қарын) көрме дайындалды. Осы жәдігерлердің қолданылуы жөнінде мол мағлұмат берілді.