2016 жылдың 4 маусымында ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих және өнер» факультеті студенттерінің көрмесі ашылды.
Көрме ҚР суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы Баян Жолдыбайқызы Баталованың бастамасымен ашылды. Көрме экспоненттері - «Тарих және өнер» факультетінің I-ші және II-ші курс студенттері: Әсия Абитова, Инабат Жұматаева, Айдана Кенжеғара, Оксана Козлова, Екатерина Садовникова, Сергей Соколов, Юстина Старжинская, Вадим Бражник, Яна Рыжкова көрмеге мүсін, батик, графика, линонақыш техникасындағы 27 сәндік-қолданбалы өнер туындыларын ұсынды.
Көрме қонақтарының қатарында ҚР суретшілер Одағының мүшелері – Л. Игошин, С. Шалунова, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Ю. Я. Бондаренко, ҚМПИ және А. И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқытушылары мен оқушылары болды.
Әсия Абитова, Инабат Жұматаева және Юстина Старжинская акварель мен батик бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Студенттердің қызықты шығармашылық жұмыстарын кәсіби суретшілер мен болашақ суретшілер лайықты дәрежеде бағалады.
Көрмеде қаладағы, республикадағы, сондай-ақ одан тысқары жерлердегі көрмелерге және басқа да іс-шараларға белсенді қатысқан авторлар бар.
Болашақ ұстаздар институтта оқи отырып, жергілікті материалды сәтті пайдаланып, жаңа техниканы үйренуде. Мұнда терра техникасында орындалған бедерлі мүсін (портретті жұмыстар) және композиция көрсетілген. Мүсін мен батиктен басқа линонақышта жасалған графика, атап айтқанда, көрнекті тұлғалар Абай Құнанбаев пен Мыржақып Дулатовтың портреттері ұсынылған.
Жас авторлар туындыларды асқан шеберлікпен орындап, станокты жұмыстар мен сәндік композицияларда туған өлке табиғатының әсемдігін дұрыс және дәл көрсететін бейнелеу өнері тәсілдерін оңтайлы қолдана білді.