4 маусым күні Қазақстан ерекше мәні бар мереке - Мемлекеттік рәміздер Күнін атап өтеді. Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің, халқымыздың бірлігі мен билігінің даусыз айғағы болып табылады. Біздің еліміздің негізгі заңында әрбір азамат Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын, Мемлекеттік Гимнін құрметтеуге міндетті екені туралы айтылады.
2016 жылы 3 маусымда мұражай қызметкерлері Қостанай қаласының №5 ОМ жанындағы лагерь балаларына «Ашықтық, бейбітшілік пен келісім нышаны» мұражайлық сабағын өткізді. Іс-шара барысында балалар байқаулар мен викториналарға қатысып, біздің мемлекетіміздің тарихындағы Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын анықтады.