Еңбек күні қарсаңында «Еңбек қуанышы мен өмір бақыты» музей мерекесі топтамасы шеңберінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 28 қыркүйек күні «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қостанайлық жеңімпаздары» атты іс-шара өтті. Шара қонақтары №18 орта мектеп оқушылары мен Қостанай кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері аймағымыздан ілгері шыққан жандардың өмірбаянымен жақынырақ танысты. «Қарасу» СӨК ЖШС Бас директоры Алмат Тұрсыновтың, конькимен жүгіруден әлем және Азия чемпионы Денис Кузиннің және «Жас Қанат 2006» құс фабрикасының директоры Қайрат Маишевтің ел дамуына қосқан үлестері мен еңбектері туралы мәліметтер алды.