Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қас-қағым сәт, аялда, сен ғажапсың!» атты Вадим Быковтың дербес көрмесінің ашылуы

15.10.2018
«Қас-қағым сәт, аялда, сен ғажапсың!»  атты Вадим Быковтың дербес көрмесінің ашылуы

2018 жылдың 12 қазанында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Вадим Быковтың «Қас-қағым сәт, аялда, сен ғажапсың!» атты дербес көрмесінің ашылуы өтті. Қостанай қаласының суретшісі Вадим Быков көрмені өзінің 50 жас мерейтойына орай ұсынып отыр. Дербес көрмеде 90-нан астам кескіндеме және графика туындылары қойылған.

2003 жылдан Вадим Быков ҚР Суретшілер одағының мүшесі, 2006 жылдан Қостанай Суретшілер одағының төрағасы. 2007 жылы ол Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдады. 2009 жылы ол Қостанай Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты атанды. 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін «Вадим Быковтың Арт студиясына» жетекшілік етеді.

Суретші Вадим Быковтың туындысы «Қазақстанның бейнелеу өнері», «Қазақ өнері» бес томдық басылымына, «Қазақстан кескіндемесі» атты екі томдық басылымға енген. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Ю.Я.Бондаренко «Мәдениеттегі тұлғалар» кітабында Вадим Быковтың шығармашылығы жайында жазады.

Вадим Быковтың «Қас-қағым сәт, аялда, сен ғажапсың!» атты дербес көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.